Keskin

Keskin туралы

Экран қайда болса — кино сонда

Keskin — фильм, сериал және тік қысқа драма көруге арналған қазақстандық қосымша. Интерфейсі қазақ және орыс тілінде. Әр сериалдың алғашқы бөлімдері тегін — алдымен қарайсыз, содан кейін шешесіз.

Бірінші кадр

Keskin бір сұрақтан басталды: неге қазақша кино іздеу сонша қиын? Жауабын бір қосымшаға сыйдырдық — фильмдер, көпбөлімді сериалдар және тік қысқа драмалар. Қазақ және орыс тілінде, телефонда да, теледидарда да.

Әр сериалдың басы тегін ашық тұрады. VIP — айына 990 ₸: қалған бөлімдер ашылады, жарнама жоғалады, бөлімдерді жүктеп алып интернетсіз көресіз. Тоқтаған жеріңізді қосымша өзі есте сақтайды.

ТЕГІН
Алғашқы бөлімдер
990 ₸
VIP · айына
iOS · Android · TV
Құрылғылар
ИНТЕРНЕТСІЗ
Жүктеп алу

Касса

Міне, билетіңіз

Алғашқы бөлімдер — тегін. Әрі қарай VIP: айына 990 ₸. iOS, Android және Android TV.

Get it on Google Play